National Geographic Қазақстан даласындағы бірегей ғарыш кемелерін көрсетті

10 Мамыр 2017, 12:32
0
National Geographic Қазақстан даласындағы бірегей ғарыш кемелерін көрсетті -

National Geographic қырғи-қабақ соғыс кезінде Қазақстан аумағында қараусыз қалған ғарыш жобалары туралы фильм түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Басылымның мәліметінше, бүгінде Бойқоңыр ғарыш айлағында ангарлардың бірінде Кеңес одағы дәуірінен қалған ғарыш шатлдары бар екен. Олар 1970 және 1980-жылдары құрастырылған. Олар ғарышқа ұшып қана қоймай, ғарыш станцияларын салу үшін ауыр жүктерді жеткізу керек болған. Алайда бұл жобалар іске аспаған. 

"Птичка" деп аталатын кеме жер бетінен кетпеген. Тағы бір сынақ кемесін жоспар бойынша ұшыруды көздемеген. Бұл қараусыз қалған шатлдардың іске жарамсыз болғаны аянышты", - делінген мақалада.  

Сонымен қатар, 1988 жылы ұшқышсыз қозғалатын "Буран" орбиталық аппараты ұшырылды. Ол Жер бетінен ұшып шыққан кеңестік жалғыз орбиталық кеме болды. Алайда 1993 жылы Борис Ельцин жобаны толығымен тоқтатты. Соның салдарынан кейбір кемелер ангарларда шіріп жатыр, ал кейбіреулері Сиднейде өткен Олимпиадада және Мәскеу қаласындағы Горький атындағы саябаққа қойылды. 

Қауіпті кеме ангарының жанында тағы бір үңгір бар. Онда "Энергия" (ғарышта шатлдардың көбеюіне арналған) зымыранының қалдықтары сақталған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай