13 маусым 2017 12:51

Адамдар өлімнен қорықпауды үйренді - психологтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© institutopensi.org.br © institutopensi.org.br

АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары бірнеше ай өмірі ғана қалған адамдардың әлеуметтік желіде жазғандары мен өлім алдындағы соңғы сөздеріне сараптама жасады, - деп хабарлайды "Life.ru".


АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары бірнеше ай өмірі ғана қалған адамдардың әлеуметтік желіде жазғандары мен өлім алдындағы соңғы сөздеріне сараптама жасады, - деп хабарлайды "Life.ru".

Сараптама қорытындысы еш алаңдаушылық жоғын көрсеткен - аз уақыттан кейін көз жұматынын білетін адамдар әр сәтін мәнді етуге тырысып, әлеуметтік байланысқа ұмтылған және сүйіспеншілікке толы болған. 

"Өлім біздің санамызда әдетте қайғы және үреймен байланысты. Бірақ адамдар өте бейімделгіш - физикалық та, эмоционал тұрғыда да", - дейді профессор Курт Грей. 

Psychological Science журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар шынымен өлім аузында жатқан және өзін жақын арада өмірмен қош айтысамын деп елестетіп көрген адамдардың көңіл-күйлерін салыстырып көрді. Зерттеу қорытындысы өлім жақындаған сайын адамның ойы жақсылыққа қарай бұрылатынын, әсіресе, отбасы мен дінге көп көңіл бөліне бастайтынын көрсеткен. 

"Су мен қоректік заттарды тек дәрі тамызғыш арқылы қабылдаймын - тырс, тырс, тырс. Біреудің көмегінсіз еш қимылдай алмаймын. Бірақ мені сондай сүйспеншіліке бөлеп отыр, мен келесі қадамға дайынмын", - делінген көз жұмған пациенттің хабарламасында. 

"Мен ештеңеге өкінбеймін - менің өмірім тамаша болды. Мен өте тамаша отбасы мен достардың ортасында болдым. Бұл мен үшін соңғы сабақ болса, мен одан түйерімді түйдім. Махаббат - бұл ең үлкен сый. Махаббат және адалдық", - деп жазған қайтыс болған өзге науқас. 

Әлеуметтік желідегі блоктарды қатерлі ісіктің соңғы сатысындағы адамдар жазған болатын. Сонымен бірге, зерттеуге Техас штатындағы сотталушылардың да соңғы сөздері алыныпты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети