15 мамыр 2017 12:16

Ақтаулық оқушылар 38-55 миллион жыл бұрын мүхит түбінде өмір сүрген жануардың сүйегін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Назарбаев Зияткерлік мектебінің 
баспасөз қызметі © Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары археологиялық қазба жұмыстарына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары археологиялық қазба жұмыстарына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі "Жас археолог" үйірмесінің оқушылары мамырдың 6-8-і аралығында Ақтаудан 100 шақырым жерде жүріп жатқан археологиялық қазба жұмыстарына қатысты. Сапар барысында оқушылар "Алтынқазған" діни жерлеу орнына барды. Сондай-ақ, жас археологтар Ұсақ тауларынан ежелгі теңіз жануарының қаңқасын тауып алды. Ғалымдардың болжауы бойынша, тасқа айналған қаңқа осыдан 38-55 миллион жыл бұрын мұхит түбінде өмір сүрген алып жануар болуы мүмкін.

"Үйірме 2016 жылдың қарашасынан жүргізіле бастады. Біздің мақсатымыз - балаларды туған жердің тарихын тереңірек зерттеуге, археология мамандығын қыр-сырын меңгеруге баулу. Сапарға шығардан бұрын археолог Андрей Астафьевке хабарластық. Ол бізге "Алтынқазған" діни-жерлеу кешенінде қазба жұмыстары жүріп жатқандығын айтты. Мақсатымыз балалар қазба жұмыстарының жұмыс ретін көзбен көріп қана қоймай, өздері жасап көруіне жағдай жасау", - дейді үйірме жетекшісі Ерлан Клышев.

Үйірме қатысушылары алғашқы күні "Алтынқазған" діни-жерлеу кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды көріп, кешен туралы деректермен, ежелгі ескерткіш орнын анықтау жолдарымен танысты.

"Алтынқазғанға" барған кезімізде археолог Евгений Богданов пен оның көмекшілері шамамен б.з. ІІІ-V ғасырға тиесілі қабірді зерттеп жатыр екен. Алдын-ала болжам бойынша, мұннан екі ер адамның сүйегі табылды. Олардың жанында құмыра мен пышақтар қойылыпты. Біз қазба жұмыстарының жүргізілу барысын көрдік. Археологтардың ойынша, табылған адамдар жаугершілік заманында қаза болуы мүмкін. Аталған жер 2014 жылы табылғанымен әлі күнге дейін қосымша зерттеу жүргізілуде. Бұған себеп мұндай кешеннің дүние жүзінде алғаш кездесуі деп ойлаймын", - дейді жас археолог Фариза Шынжырова.

Айта кетейік, 2014 жылы "Тарих толқынында" бағдарламасының аясында "Алтынқазған" діни жерлеу кешенінде қазба жұмыстары жүргізілген болатын. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде үймелері бар 5 қорған және 198-ден астам археологиялық ескерткіш табылды. Қорғанның диаметрі (заттың (нысанның) орталық нүктесінен өтіп, екі нүктесін тұтастыратын тура сызық -  25-30 метр, ал биіктігі - 0,8-1,2 метр. Ескерткіштің аумағы - 130 га.

Сапардың тың жаңалығы мектеп оқушылары мен мұғалімдердің Ұсақ жерінен шамамен 38-55 миллион жыл бұрын мүхит түбінде өмір сүрген жануардың тасқа айналған сүйегінің табылуы болды.

"Жас зерттеушілерді қызықтыра түсу үшін "Алтынқазған" кешенінен соң Ұсақ тауларына акула тістерін жинау үшін барған едік. Дина Хожанова есімді оқушы байқампаздығын көрсетіп, тасқа айнала бастаған тістерді тауып ала берді. Мен де, тауларды аралаймын деп жүріп тасқа жабысып тұрған тастарды байқадым. Көзіме ерекше көрінді. Тау қыртысының ортасында омыртқа сүйектері жабысып тұр екен. Түсінбей біраз отырғанымда, әріптесім Ерлан Ерсайынұлы келіп: "мынау теңіз жануарының қаңқасы сияқты" деді. Бақылап қарасам, ені 1,5-2 метрді құрайтын белгісіз жануар сүйегі жатыр. Суретке түсіріп алып, археологтарға көрсеткенімізде олар расымен тасқа айналған сүйектер екендігін растады, - дейді дүние жүзі тарихы пәні мұғалімі Азамат Туйтин.

Жас археологтардың айтуынша, бұл Тетис мұхты түбінде өмір сүрген кит. Толық анықтау үшін үйірме мүшелері палентологтың көмегіне жүгініп, зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

Сапардың екінші күні оқушылар тағы бір қазба жұмыстары жүріп жатқан жерге барды (Жердің аты қауіпсіздік мақсатында аталмай отыр). Олар шамамен 150-200 метр биіктікте (тау үстінде) орналасқан үй-жайдың қалыпқа келтіру жұмыстарына қатысты. Кешенді 2007 жылы Ұлы Жібек Жолының Маңғыстау облысындағы маршрутын анықтау барысында археолог Андрей Астафьев тапқан. Алғашқы қазба жұмыстары биыл ғана жүргізіле бастаған.

"Бұл кешен ең алғашында Хазар кезеңіне тиесілі деп болжанған. Өйткені бұл жерден және Алтынқазғаннан ежелгі Хорезмнің тиындары табылған. Біз қазған жердің аумағы 350х550 метрді қамтиды. Дегенмен, басқа табылған экспонаттардан соң біздің заманымыздың ІІІ-V ғасырына тиесілі екендігі анықталған. Қазіргі Каспий теңізінен 150-200 метр биіктікте орналасқан. Бұл жердің тұрғындарының отбаслық жағдайы жақсы болғандыңы байқалады. Өйткені біз қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған қыш құмыралардың сапасы жоғары", - дейді үйірме қатысушысы Гизат Рахманшин.

Археологтардың болжамы бойынша, бұл обьектінің ерекшелігі - ежелгі Каспий теңізінің порты болуы мүмкіндігі. Ұлы Жібек жолының солтүстік бөлігі өткен деген болжам бар. Алдағы уақытта археолотар зерттеу жұмыстары туралы арнайы есепті көпшілікке жарияламақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети