31 қаңтар 2014 16:59

Ақтөбелік студенттерге "Білім гранты" табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©"Taiburyl" Фото ©"Taiburyl"

Taiburyl қоры ақтөбелік алты студентке 900 мың теңгенің "Білім грантын" табыс етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жақында Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде Taiburyl қорының атаулы грантын тапсырудың салтанатты жиыны болып өтті. Бұл ретте арнайы байқаудан өткен өңірдің алты студенті жарты жыл тегін білім алуға мүмкіндік алды. Әр гранттың сомасы 150 мың теңгені құрады. Конкурстық іріктеу 2013 жылдың желтоқсан айында жария етілді. Мұның қорытындысы бойынша 13 өтініш беруші қабылданды. Негізі байқауға көбіне Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Айта кетейік, бұл Taiburyl қайырымдылық қызметінің грант түрі негізінде берілетін қаржылық қолдау механизмінің екінші кезеңі. Мұның бірінші кезеңі атаулы степендия форматында жүзеге асқан. Салтанатты шараға Taiburyl қоғамдық бірлестігінің өкілі Мұрат Әбенов, "Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты" ЖШС-нің жетекшісі, демеуші Әлімжан Есетов және Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры Амантай Нұрмағамбетов қатысты. Жиын барысында студенттерге гранттық сертификаттар табыс етілді. Сонымен бірге студент, демеуші компания және ЖОО арасында үш жақты келісімге қол қойылды. "Бізде өте дарынды балалар білім алады. Компания басшысы Әлімжан Есетов білім, ғылым саласын көтермелеуге ерекше ден қойып келеді. Бұл үшін өте қуаныштымын. Сондықтан "Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты" ЖШС-мен ынтымақтастығымыз ұзақ әрі нәтижелі болады деп сенемін",- дейді аталмыш ЖОО-ның ректоры А.Нұрмағамбетов. Өз кезегінде демеуші Ә.Есетов пен Тaiburyl қорының өкілі М.Әбенов мұндай гранттар студенттердің жақсы оқуына септігін тигізіп, олардың барлық жағынан белсенді және жаңа жеңістерге жетуге тырысуға ынталандыратын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети