Алғаш рет жасанды интеллект мәтінді түсінуден адамнан басып озды

15 Қаңтар 2018, 17:24
0
Алғаш рет жасанды интеллект мәтінді түсінуден адамнан басып озды - Иллюстрациялық сурет. © Tehnot
Иллюстрациялық сурет. © Tehnot

Интернет-коммерция саласындағы алыптардың бірі қытайлық Alibaba Group оқыған материалды түсіну тұрғысынан адамнан асып түскен жасанды интеллект жасап шығарды, - деп хабарлайды ТАСС порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Стэнфорд университетінде жасалған сынақ - машинаның оқығанды түсінуін бағалайтын ең белгілі әдісі. Оған "Уикипедиядағы" 500 мақаладан алынған 100 мың сұрақ кірген.  

Зерттеу қорытындысы бойынша, жасанды интеллект мәтінді 82,4 пайызға, ал онымен бәсекелескен адам 82,3 пайызға түсінген. Alibaba өкілдері бұл машинаның адамнан асып түскен алғашқы жағдай екенін мәлімдеді. Ал бір күн кейін жүргізген тест қорытындысы бойынша, Microsoft компаниясы жасап шығарған жасанды интеллект 82,7 пайыз көрсеткен. 

Жасанды интеллект дегеніміз адам салған бағдарлама аясында ғана емес, өзін үйрете алатын және бағдарламаға енбеген әрекеттерді жасай алатын күрделі жүйе.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай