Алғашқы ақылы ҰБТ қорытындысы жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов қысқы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов қысқы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2019 жылдан бастап Қазақстанда ҰБТ-ны жылына төрт рет тапсыруға болады: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында.

"Қаңтар, наурыз және тамыз айларында ҰБТ-ға қатысу талапкерге тек ақылы бөлімге түсуге құқық береді. Егер талапкер мемлекеттік грантты алғысы келсе, онда ол міндетті түрде маусым айында ҰБТ тапсыруы керек, тек соның қорытындысы бойынша ол грант конкурсына қатыса алады. Жоғарыда аталған шараларды өткізуге бірде-бір тиын мемлекеттік бюджеттен жұмсалмайтынын атап өту қажет", - деді Рамазан Әлімқұлов.

Қазақстанда тұңғыш рет ақылы ҰБТ өтіп жатыр

18-20 қаңтар аралығында бірінші қысқы ҰБТ өтті. Оған қатысу үшін 35 838 адам өтініш берді, оның ішінде 25 615 адам қазақ тілінде білім алады. ҰБТ-ға 34 687 адам қатысты. 24 012 адам межелік деңгейден асты, ал 10 675-ы өте алмады.

"Республикалық апелляциялық комиссияға тест мазмұны бойынша 8 өтініш берілді, оның 3-еуі қанағаттандырылды. Өткен жылы тест тапсырмаларының мазмұны бойынша 243 өтініш түсті, оның 101-і қанағаттандырылды. Осы орайда, қанағаттандырылған 21 тест сұрақтарының ішінен дұрыс құрастырылмаған тапсырма, ал қалғандары негізінен дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді - 56", - деді Ұлттық тестілеу орталығының өклдері.

Барлық түлектерге сертификатпен бірге ақпараттық парақтар беріледі, онда: құжаттар бере алатын білім беру бағдарламаларының тізбесі; осы жылы бөлінетін гранттардың саны; өткен жылғы грантқа арналған конкурстың нәтижелері және өткен жылғы жартылай өту балдары көрсетіледі.

Талапкерлер дәлелді себептермен тапсыра алмаған болса, келесі жолы ҰБТ тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro