Қазақстанда тұңғыш рет ақылы ҰБТ өтіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда бірінші рет ақылы Бірыңғай ұлттық тестілеу өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бірінші рет ақылы Бірыңғай ұлттық тестілеу өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, қаңтарда 35 838 бала тестілеуден өтеді. 

"Бүгін біз тарихи кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Барлық өңірлер таңғы 7:30-да есеп берді - ауыл, аудан, қала, облыстарда барлық балалар ҰБТ тапсыруға кіріскен. Балалар тағы үш рет тапсыра алады. Маусымда тапсыратын ҰБТ жоғарғы оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін жақсы мүмкіндік. Баланың психоэмоциясы жақсарады", - деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева

2019 жылдан бастап ақылы ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз. Қысқы тестілеу кезеңі қаңтардың 18-20 аралығында өтеді. 

Грантқа түсу үшін қатысушыцлар міндетті түрде маусымдағы ҰБТ тапсыруы керек. Жалпы тапсыру форматы бұрынғыдай. Бұл норма жоғары білім алу мақсатында жасалып отыр. 

ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдау 2018 жылы 1-15 қаңтар аралығында жүргізілді. Арыз беру нәтижесі бойынша 35 838 адам тестілеуден өтуге өтініш білдірген, оның ішінде қазақ тілінде - 26 615, орыс тілінде - 10 162 және ағылшын тілінде - 61 адам. 

Тестілеуден өткізу үшін ҰБТ ұйымдастыру жөнінде арнайы комиссия құрылған - 444 адам. 

Мемлекеттік комиссия құрамына облыс немесе республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар. 

ҰБТ тапсыру үшін 520 аудитория қолданылады. Аудиторияларда бейнебақылау камералары орнатылған және желіні өшіретін құрылғылармен қамтылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer