21 қаңтар 2014 18:19

Алматы форумы Қазақстанның болашақ даму бағытын талдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Синергия: ғылымды, бизнесті және қоғамды жұмылдыра отырып" атты форумы "Синергия: ғылымды, бизнесті және қоғамды жұмылдыра отырып" атты форумы

"Синергия: ғылымды, бизнесті және қоғамды жұмылдыра отырып" атты форумы сарапшыларды Қазақстанға маңызды ғылыми бағыттар мен технологияларды таңдау үшін жинайды деп мәлімдейді осы жиынды ұйымдастырушы "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы" АҚ пен Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Аталған форум Алматыда 2014 жылдың 23 қаңтарында өтеді. Оған қатысушылар "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы" АҚ-тың Манчестер университетімен (Ұлыбритания), KISTEP (Оңт.Корея) және Финляндия академиясымен бірлесіп сынақтан өткізген сараптамалық зерттеулерінің қорытындысын, форсайттарын таныстырып, барлығы бірігіп болашаққа көз жүгіртеді. Форум барысында еліміздің экономика мен әлеуметтік салаларындағы өзекті мәселелерді шешу үшін ғылым мен технологияның потенциалын жинақтап, бағыттауға шақыратын ғылыми ортаға, бизнес және мемлекеттік апппартқа арналған пікірталас алаңы ұйымдастырылады. Аталған форумда қабылданған шешімдер билікпен еліміздің ғылыми-технологиялық даму стратегиясының негізі ретінде қарастырылатын болады. Сарапшылар форумын ұйымдастырушылардың айтуынша, форсайт - халықаралық корпорацияларда (Siemens, BASF және тағы басқа), сол секілді бүтін аймақ мен мемлекеттерде (Жапония, Ұлыбритания және т.б.) қолданылатын болашақты тануға құрылған біріккен жүйелі процесс. "Мысалы, 90-жылдары форсайт қорытындысы бойынша Оңтүстік Кореяда LCD-дисплейі және ұялы телефондар технологиясы етек алды" деп нақтылайды жиынды ұйымдастырушылар. Сарапшылар форумының жұмысы сегіз маңызды бағыт бойынша өтеді: ұлт денсаулығы, биотехнология, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз, таза және тиімді қуат көзі, қоршаған орта және табиғи ресурстар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, аграрлық секторды тұрақты дамыту, тамақ өнімдерін қайта өңдеу және оның қауіпсіздігі, машина жасау. "Синергия: ғылымды, бизнесті және қоғамды жұмылдыра отырып" атты сарапшылар форумына ресми сайттағы "форумға тіркелу" сілтемесі немесе мына телефондар арқылы тіркеле аласыздар: +7 7172 57 91 44, +7 7172 57 91 58, +7 7172 57 91 26. Жиын Шевченко 28 мекен-жайында орналасқан ҚР Ұлттық ғылым академиясы ғимаратында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети