Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Алтын белгі" иегері болған 39 талапкер грантқа іліге алмай қалған

12 Тамыз 2015, 16:58
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері 2015 жылғы білім беру гранттарын үлестіру бойынша жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және халықаралық қатынастар департаментінің директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев Астанадағы баспасөз мәслихатында ата-аналар мен түлектерден көптеген арыз түсіп жатқанын хабарлады. Түлектер білім беру грантына іліге алмаған.

"Бізде тек "Алтын белгі" иегерлері ғана немесе олимпиада жеңімпаздары ғана кірген бірқатар мамандық бар. Бұл, айталық, халықаралық қатынастар, шығыстану, шетел филологиясы, құқықтану, кеден ісі, экономикалық барлық мамандықтар, медицина. 39 "Алтын белгі" иегері грант ала алмады. Себебі, жастардың бұл категориясы тек сұранысқа ие мамандықтарды белгілейді. Әрине, олар өз балдары бойынша тізіледі, ал экономикалық және құқықтану мамандықтарына гранттар саны азаяды", - деп түсіндірді Өмірбаев.

Оның айтуынша, "Алтын белгі" иегері болған 39 түлек қана грантсыз қалмаған, халықаралық олимпиадалардың сегіз жеңімпазы да, халықаралық ғылыми жарыстардың 92 жүлдегері де және түрлі шығармашылық және спорт жарыстарының 293 жеңімпазы да грантқа іліге алмады.

"Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және конкурс комиссиясының өзге мүшелері соңғы отырыста бірінші кезекте ұлттық университеттердің ректорларына және өңірлердегі жоғары білім беру мекемелерінің басшыларына "Алтын белгі" иегерлерін, олимпиада жеңімпаздарын мүмкіндігінше ректорлық грантқа қабылдау бойынша сөз айтқан болатын. Ректорлар жыл сайын грант бөледі. Грантсыз қалған "Алтын белгі" иегерлері құжат тапсырған жоғары оқу орнына келіп, қабылдау комиссиясына жолығуы керек. Барлық ректор бірінші кезекте дарынды балаларды қолдайды", - деді Өмірбаев.

Ол ата-аналар мен талапкерлердің тарапынан болатын түсініспеушіліктің қабылдау комиссиясының нашар жұмысынан шығатынын айтты. "Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді. Біз жоғары білім беру мекемелеріне хат жолдап, онда қабылдау комиссиясының түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керектігін жаздық", - деді Серік Өмірбаев түлектердің құжатты гранты ең аз мамандықтарға тапсырғаны жайлы сұраққа жауап бере отырып.

Еске салайық, 11 тамызға қараған түні білім беру гранттарының тізімі жария болды.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай