Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Әріптестермен арадағы татулық адамды бақытты етеді

10 Тамыз 2014, 01:04
0
©trends.skolkovo.ru
©trends.skolkovo.ru

Әріптестермен арадағы тату қарым-қатынас адамды бақытты ете түседі. Linkedln сайтында бүкіл әлемнің ерлері мен әйелдері арасында жүргізілген сауалнамадан соң зерттеушілер осындай қорытындыға келді. Бұл туралы Business Standard хабарлайды. 

Зерттеушілер 11500 адамнан сауалнама алды, олардың 46%-ы мұндай достық жұмыс күндерін сәтті етеді деп сенеді. LinkedIn cайтының сарапшысы Николь Уильямс жұмыс орнында тату атмосфераның болуы қызметкерлердің еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратынын айтады.

Сауалнамаға қатысушылардың әрбір бесіншісі жұмыстағы достықтың әріптестерімен бәсекелесуге итермелегенін атап өтті. Жастардың 68%-ы қызметте жоғарылау үшін мұндай достықты құрбан етуге дайын болып шықты. Ал ересек респонденттердің 62%-ы мансап үшін әріптестер арасындағы достыққа ешқашан қаяу түсірмейтінін айтқан. Жас жұмыскерлердің 50%-ы кеңседегі достық жұмысқа деген ынтаны арттырады деп жауап берсе, 55-65 жастағы қызметкерлердің 45%-ы әріптестермен арадағы достық еңбек өнімділігіне ешқалай әсер етпейді деп есептейді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай