09 маусым 2016 09:42

Азия тұрғындары Американы Колумбтан бұрын ашқан - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Cooper et.al./ Journal of © Cooper et.al./ Journal of

АҚШ археологтары XV ғасырда Христофор Колумбтың Жаңа Әлемді ашуына дейін Аляскада Азия тұрғындарының Солтүстік Американың бар екенін білгенін дәлелдеді. Бұл туралы Journal of Archaeological Science басылымында жарияланған мақалада айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ археологтары XV ғасырда Христофор Колумбтың Жаңа Әлемді ашуына дейін Аляскада Азия тұрғындарының Солтүстік Американың бар екенін білгенін дәлелдеді. Бұл туралы Journal of Archaeological Science басылымында жарияланған мақалада айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар ежелгі Туле тайпасынан шыққан Аляска тұрғындарының мекенін қазу барысында табылған темір мен қоладан жасалған бұйымдарға зерттеу жүргізді. Бұйымдардың барлығы ерітілген металдан жасалғаны анықталды, яғни ол бұйымдар Шығыс Азияда да қолданылған екен. Онда металдарды біздің заманымызға дейін сегізінші ғасырда-ақ балқыта алған, ал қоланы біздің заманымызға дейін үшінші мыңжылдықтың ортасында еріте алған. Ал ол кезде үндістердің ата-бабалары мен эскимостар темір мен басқа металдарды ерітуді білмеген екен.

"Бұл біз үшін тосынсый болған жоқ. Үндістердің айтқан әңгімелері мен тапқан заттарының арқасында Азия мен Американың металдармен сауда-саттық жүргізгені белгілі болды. Біз бұл қоспаларды Еуразияның бір аймағында жасалған деп болжап отырмыз. Сонда бұл табылған металдар Аляскада мекендеген эскимостардың ата-бабаларына Америка Сібір мен Беринг бұғаздары арқылы қалай жеткен?", - деді Пардью университетіндегі Кори Купер.

Купердің айтуынша, мұндай бұйымдар сирек кездеседі, себебі металдан жасалған бұйымдар мен еңбек құралдары сол кездегі Жаңа Әлемнің тұрғындарына зор құндылық болып саналатын. Сонымен қатар, ол кезде бұл бұйымдар ұрпақтан-ұрпаққа берілген.

Балқытылған темір мен қолалардың ізінің табылуы, Купердің айтуынша, Азия тұрғындарының Американың бар екенін білгенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, азиялықтар Американың тұрғындарымен Жаңа Әлемге алғашқы еуропалықтардың келуіне дейін белсенді түрде сауда жасаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети