28 желтоқсан 2021 08:27

"Байқоңырдан" OneWeb спутниктері бар "Союз" зымыраны ұшты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

27 желтоқсанда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Фрегат" үдеткіш блогы мен 36 OneWeb ғарыш спутнигі бар "Союз" зымыран тасығышы ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Роскосмос" сайтына сілтеме жасап.

Зымыран тасығыш Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19.10-да ұшырылды. Телеметриялық ақпаратқа сәйкес, процесс қалыпты режимде өткен.

Кейін "Фрегат" үдеткіш блогы 36 құрылғыны мақсатты орбитаға шығаруды жалғастырды. 3,5 сағат ішінде OneWeb спутниктері ұшу циклограммасына сәйкес ресейлік "үдеткіштен" кезекпен бөлінеді.

Осы арқылы OneWeb төмен орбиталық тобы тағы 36 спутникке артып, 394-ке жететіні айтылды. Бұл OneWeb бағдарламасы аясында он екінші, 2021 жылы "Байқоңырдан" үшінші және осы ғарыш айлағынан бесінші ұшу болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети