29 қаңтар 2015 18:40

Билл Гейтс шетел тілдерін білмегені үшін өзін ақымақ санайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс шетел тілдерін білмейтінін мойындады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Билл Гейтс Reddit қызметін қолданушылармен өткен онлайн-чатта шетел тілдерін білмегені үшін қысылатынын айтты.


Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс шетел тілдерін білмейтінін мойындады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Билл Гейтс Reddit қызметін қолданушылармен өткен онлайн-чатта шетел тілдерін білмегені үшін қысылатынын айтты.

"Мен шетел тілдерін білмегендіктен өзімді ақымақ сезінемін. Мектепте латын және грек тілдерін оқыдым және жақсы бағалар алдым. Менің ойымша соның арқасында сөздік қорым байыды, бірақ мен француз, араб және қытай тілін білгім келеді", - деді ол. 

Сонымен қатар, Билл Гейтс уақыт тауып үш тілдің біреуін үйреніп алуға тырысатынын айтты. Ол бұлардың ішіндегі ең жеңілі француз тілі деп есептейді, сондықтан ол шетел тілдерін меңгеруді француз тілінен бастауды ұйғарған. Гейтстің сөзіне қарағанда, ол Duolingo қызметінің көмегімен тілді меңгермекші болған, бірақ ол бұл қызметті өте сирек қолданыпты.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Facebook басшысы Марк Цукерберг қытай тілінде еркін сөйлей алатынын айтқан болатын, сол кезде Гейтс оны ерекше жетістік деп есептейтінін айтты.

Билл Гейтс - әлемдегі ең бай адамдардың бірі, оның дәулеті 80 миллиард доллардан асады. Ол қазір Microsoft басқармасының құрамына кірмейді, ол өткен жылы компания директорлары кеңесінің төрағалығынан кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети