05 қазан 2016 12:01

"Болашақ" стипендиясын алу үшін екі жылдық еңбек өтілі енді қажет емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zakon.kz © zakon.kz

"Болашақ" стипендиясын тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға сілтеме жасап.


"Болашақ" стипендиясын тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға сілтеме жасап.

Үкіметтің 1 қазандағы жарлығымен "Өз бетінше түсу" категориясы бойынша "Болашақ" бағдарламасы арқылы оқуға қабылдануға үміткерлердің екі жылдық еңбек өтілінің болу талабы алып тасталды. Құжат 4 қазанда күшіне енді. 

"Осылайша, екі жыл жұмыс өтілі жоқ, "өз бетінше түскендер" санаты бойынша үміткерлер "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыруға құқылы", - деп түсіндірді Халықаралық бағдарлама орталығындағылар.

Бұған қоса, осы қаулыда үміткерлердің барлық санаттары бойынша "Болашақ" стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту қорытындысы бойынша одан әрі үзіліссіз үш немесе бес жыл:

- өз бетімен түскендер үшін - Қазақстан Республикасының ұйымдарында не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;

- ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамаға үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері үшін -  саланың басқа ұйымдарында не жіберетін ұйымның негізгі қызметіне ұқсас қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

- мемлекеттік қызметшілер үшін - Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда - Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейтілді.

Мұның алдында "Болашақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 2016 жылдың 14 қазанына дейін жалғасатыны хабарланған

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети