19 тамыз 2022 14:04

"Болашақ" тағылымдамасына құжаттарды қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қазақстанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қазақстанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініштер 2022 жылдың 14 қазанына дейін eGov.kz порталы арқылы қабылданады. 2022 жылы тағылымдама бағдарламасы бойынша 110 шәкіртақы бөлінген.

2022 жылы тағылымдамадан өтуге жұмыскерлердің мынадай санаттары бекітілген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, БАҚ қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған басым мамандықтар тізімінде 158 мамандық бар.

Өтініштерді қабылдау және "ғалымдар" санаты бойынша тағылымдамадан өтуге конкурстық іріктеу бөлек жүргізіледі. Уақыты кейінірек хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети