10 тамыз 2020 10:33

Былтырға қарағанда екі есе көп мектеп саламыз - Көлгінов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/altay_kulginov_official Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Нұр-Сұлтанда мектеп құрылысы туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жазды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда мектеп құрылысы туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жазды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин 21/1 көшесі) тағы бір мектеп салынып жатыр. Мектеп аумағын кеңейтіледі. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа оқу орындарын құруға мүмкіндік береді. Биыл осы мектеп пайдалануға беріледі.

"Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін салмақ артып келеді. Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді-мекендерде салынып жатыр. Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны - 12", - деді Көлгінов.

Сондай-ақ ол Ұлы Дала мен №39 көше қиылысында орналасқан білім ордасы 1200 оқушыға есептелген (екі ауысымда - 2400). 2021 жылы пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Мектеп құрылысына жеке инвестордың қаражаты жұмсалады.

"Бүгін бірқатар оқу нысандарының құрылыс барысымен таныстым", - деп жазды әкім.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети