Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Дариға Назарбаева ағылшын тілін үйренудің пайдасын атады

01 Сәуір 2016, 14:27
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Астана кәсіптік-техникалық колледжінің басшылығымен кездесу барысында оларды студенттермен бірге ағылшын тілін үйренуге шақырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Біздің есебімізше, 2018-2019 жылдары бітіретін мектеп түлектері ағылшынша еркін сөйлей алатын болады. Осы кезде негізгі талап мұғалімдерге қойылады. Олар қазірден бастап ағылшын тілін үйренуді бастау керек. Мұның түрлі жолы бар - қашықтықтан оқуға да, курстарға баруға да болады. Дегенмен бұған дайындалу керек. Маған әдебиеттердің, оқулықтардың жоқ екенін айтып жатады. Ал ағылшын тілінде оларды табу оңай. Сондықтан да, егер біз тілді жақсы білсек, осы әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз де үлкен болар еді. Өздеріңіз байқап отырғандай, мұның артықшылықтары өте көп", - деді Назарбаева.

"Адам қосымша тіл оқыған кезде оның есте сақтау қабілеті артады, әрі бұл Альцгеймер ауруының алдын-алуға көмектеседі. Мұны ғалымдар ғылыми тұрғыда дәлелдеді", - деді вице-министр.

Ол ағылшын тілін ересек қазақстандықтардың көп оқығанымен, осы тілде сөйлей алмайтындарын айтты. Назарбаеваның айтуынша, бұған тәжірибенің аздығы себеп.

"Біз мұның не үшін керек екенін білмедік, кеңес дәуірі кезінде шетелге шығу мүмкіндігі болмады. Ал қазір заман өзгерді, Интернет, ғылым, білім - барлығы ағылшын тілінде. Сондықтан да өзімізді, балаларымызды мұндай мүмкіндіктен айырмауымыз керек", - деді премьер-министдің орынбасары.

"Елбасы үштілділік жөнінде балаларымыздың, ұрпағымыздың қамын ойлап айтады. Ол ұрпағымыздың қандай әлемде өмір сүріп, жұмыс істейтінін біледі", - деп сөзін қорытындылады ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай