26 маусым 2021 10:02

ДДСҰ коронавирустың ең жұқпалы штамын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

COVID-19-дың "дельта" нұсқасы коронавирустың анықталған штамдары арасында ең жұқпалы және вакциналанбаған халық арасында тез таралатыны. Бұл туралы Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Дельта" нұсқасы анықталған COVID-19 штамдарының ішіндегі ең жұқпалысы саналады. Ол 85 елде табылды және ол вакцина салынбаған халық арасында тез тарап жатыр", - деді ДДСҰ басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бүкіл әлемде COVID-19 жұқтырғандар көбейіп жатыр, бұл өлімнің өсуіне әкелуі мүмкін. "Жаңа жағдайлардың көбеюі - ауруханаға түсетіндер саны өсетінін және денсаулық сақтау жүйелері мен медицина қызметкерлері ауыр жүк арқалайтынын білдіреді, бұл өлім қаупін арттырады", - дейді ДДҰ басшысы.

Бұған дейін ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан дельта штамы Уханда анықталған коронавирустың алғашқы нұсқасынан екі есе жұқпалы екенін мәлімдеді. Коронавирустың дельта нұсқасы Қазақстанда да анықталған болуы мүмкін екені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети