Демограф-ғалым Мақаш Тәтімов дүниеден озды

17 Сәуір 2016, 11:09
0
Демограф-ғалым Мақаш Тәтімов дүниеден озды - Мақаш Тәтімов. © Литер
Мақаш Тәтімов. © Литер

Алматыда 16 сәуір күні таңертең қазақстандық танымал ғалым, Қазақстанның тұңғыш демографы, саяси ғылымдардың докторы, академик Мақаш Тәтімов қайтыс болды, ол ұзақ уақыттан бері ауырып, сол дерттен көз жұмды. Егер тірі болғанында ол екі аптадан кейін 76 жасқа толар еді. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне оның ұлы Мұхит Тәтімов хабарлады.

Ғалымды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі дүйсенбі, 18 сәуір күні, сағат 10.00-де Орталық Азия университетінде өтеді.

Мақаш Тәтімов 1940 жылы 30 cәуірде Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Ол В.И.Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық университетін (1966), Мәскеу экономикалық статистика институтының аспирантурасын (1969) бітірген.

Ол Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері болды. 1970-1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық иннститутының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясаты жөніндегі кеңестің (1992-1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі, 1997 жылдан бері Орталық Азия университетінің ректоры болды.

Тәтімов - көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. "Құрмет" орденімен, көптеген медальдармен марапатталған, Талғар қаласының құрметті азаматы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай