12 ақпан 2021 08:12

"Дене шынықтыру болмайды". БҒМ ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігіндегілер Қазақстанның жоғары оқу орындарында "дене шынықтыру" пәнін тоқтату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрлігіндегілер Қазақстанның жоғары оқу орындарында "дене шынықтыру" пәнін тоқтату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде еліміздің жоғары оқу орындарында дене шынықтырудан бас тарту мәселесі талқыланды. Пайдаланушылар мұндай шешімге қарсы хабарламалар жазды.

Алайда Білім және ғылым министрлігі "дене шынықтыру" пәнін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан алып тастау мүмкіндігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Бүгінде мұндай бұйрық жоқ және бұл мәселе айтарлықтай талқыланып жатқан жоқ. Әрине сарапшылар мен мұғалімдердің әрқашан әртүрлі ұсынысы болады. Қазір университеттерде академиялық еркіндік бар және осындай мәселелерді өзі шешеді. Бұл сұраққа кез келген жоғары оқу орнының академиялық департаменті жауап бере алады", - деді "Абай атындағы ҚазҰПУ" КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы - ректоры Такир Балықбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети