18 ақпан 2014 16:57

Депутат технопарктерді мемлекеттің мойнынан алып тастауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев университеті. Фото ©Мансұр Хамит Назарбаев университеті. Фото ©Мансұр Хамит

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева технопарктерді мемлекеттің мойнынан алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ол қазақстандық технопарктердің дамуы төңірегінде өткен талқылауда хабарлады. Технопарктерді қаржылық қолдау мәселесі көтерілгенде "бұл шығынды мемлекет мойнынан алып тастау керек",- деді Дариға Назарбаева. "Мұны коммерциялық жолға бағыттап, табыс табуымыз керек. Бұл ретте әлемде жақсы үлгі бар, жеке капитал қаржысын салып, тәуекелге барып және ұтып жатады", - деді депутат Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында. Дариға Назарбаева технопарктердің қарқынды жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керектігін айтты. "Технопарктерді университеттермен "үйлендіруіміз" керек. Мен мұны өте дұрыс идея деп есептеймін. Біз дәл қазірдің өзінде студенттерді ғылымға тартуға талпынып отырмыз, олардың ғылыми тәжірибеден өтуін қалаймыз. Демек бұл еліміздің кадр дайындау мәселесінде бірнеше маңызды міндеттерді шешетін болады", - дейді халық қалаулысы. Сонымен бірге ол технопарктерді Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен байланыстыруды ұсынды. "Бұл жерде де қарапайым некелестіруіміз керек және үлкен бір тату-тәтті жанұя құрғанымыз жөн. Өйткені, мемлекеттік басқарманың жүйесіндегі барлық құрылымдар, мүдделі қандастар, технопарктердің дамығанын қалайды. Сондықтан жаңа идеяларды дамыту үшін, біздің өндірісімізге жаңа технологияларды енгізу үшін мұны қолға алуымыз тиіс",- дейді Д.Назарбаева. Оның айтуынша, оларды дамытудың тағы бір нұсқасы - венчурлік қорлармен ынтымақтастық орнату да технопарктерге үлкен қолдау болуы мүмкін. Оның үстіне көптеген қазақстандық ғалымдар өз елінде өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыра алмады. Есесіне, олар шетелдік инвесторлардан қолдау тапты. Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда екі ірі технопарк бар. Олар Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ғылымды қаржыландыруды ұлғайту қажеттігін мәлім еткен болатын. Тіпті ол осы жылдың 1-қыркүйегіне дейін мұны жетілдіруді және тиісті жобаның пакетін Парламент қарауына енгізуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети