Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Елбасы шетелдік жастардың Назарбаев Университетінде білім алуы үшін гранттар бөлуді ұсынды

23 Мамыр 2014, 14:58
0
Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумына қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумына қатысты.

Қазақстан шетелдік талантты жастарға Назарбаев Университетінде оқуға гранттар ұсынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумында мәлім етті.

"Біз білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне, әлеуметтік инфрақұрылымдарға айтарлықтай инвестиция бағыттаудамыз. Қазақстандықтардың өмір сүру жасы соңғы 7 жылда 4,5 жылға артты. Біз жұртшылықтың кедейлік деңгейін 13 есеге дейін азайттық. Сонымен қатар, біз табыстар бойынша халықтың аражігі айтарлықтай ажырап кетуіне жол бермедік. Сондықтан да, бүгінгі күні біз осы бағыттағы тәжірибені өңірдегі мемлекеттермен бөлісуге дайынбыз. Соның ішінде Назарбаев Университетінде Орталық Азия мен басқа да елдердің талантты жастарын оқытуға гранттық бағдарламалар ұсына аламыз", - деді ҚР Президенті.

Сөз арасында Мемлекет басшысы "Кедейлікті жою" жол картасының әзірленетініне тоқтала келе, бұндағы басты құрал ретінде инвестицияны, инфрақұрылым мен бизнесті дамытуды атап өтті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай