Елімізде 300 мыңнан аса мұғалімнің жалақысы өседі

16 Мамыр, 17:29
0
© martebe.kz
© martebe.kz

Білім саласының негізгі, қосымша, техникалық және басшылық қызметкерлерінің жалақысы өседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Білім және ғылым министрлігінде педагог қызметкерлердің жалақысы туралы сөз болды. 

"Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2019 жылы 109 миллиард теңге білім саласына бөлінеді. Алдағы уақытта қаражат 234 миллиард теңге болады. Жалақы республиканың барлық өңірі бойынша бір уақытта көтеріледі. Білім саласында жарты миллион қызметкердің, соның ішінде 300 мыңнан аса педагогтің жалақасы артады", - дейді ҚР БҒМ.

Қызметкерлердің ерекше еңбегі үшін қосымша ақы қарастырылады. Мәселен, сынып жетекшілік үшін, дәптер тексеру мен жазбаша жұмыс, жаңартылған бағдарлама мен педагогтік шеберлік квалификациясы үшін ақы төленеді. 

1 маусымнан бастап мектепалды мекеме, колледж, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің жалақысы артады. 

Ал, мұғалімдердің мерзімінен бұрын зейнетке шығу ұсынысы қабылданған жоқ.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай