18 ақпан 2015 18:48

Еуропалықтар Айдың арғы бетіне көшіп барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©susanin.udm.ru ©susanin.udm.ru

Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) Айдың арғы бетіне база тұрғызуды бастайды, - деп хабарлайды Іnnov порталы. Ол жаққа жақында Еуропадан көшіп барушылардың бірінші легі аттанады.


Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) Айдың арғы бетіне база тұрғызуды бастайды, - деп хабарлайды Іnnov порталы. Ол жаққа жақында Еуропадан көшіп барушылардың бірінші легі аттанады.

Порталдың мәліметінше, 2009 жылы LCROSS ғарыш аппараты Айдың арғы бетінде орналасқан Күн жүйесінің ең үлкен кратерінен қатып қалған судың іздерін тапқаннан кейін ESA қызметкерлерінде Жердегі адамдарды көшіру туралы жоспар пайда болған. 

"Оңтүстік полюстің диаметрі 2500 шақырым болатын бассейнін ESA қызметкерлері Айдың базасын құруға тамаша жер деп атағаны белгілі. Олар қазірдің өзінде Айдың арғы бетінде 4 миллиард жыл бұрын пайда болған кратер туралы барлық мағлұматты анықтау үшін робот-барлаушылардың экспедициясын әзірлеп жатыр", - делінген жарияланымда.

Мамандардың айтуынша, Антарктида нысандарының үлгісімен тұрғызылатын Ай базасының құрылысы барлау жұмыстары аяқталған соң басталады және содан кейін ғана Еуропадан адамдар көшіріледі.

Айта кетейік, Айдың арғы бетіне тұрғызылатын база туралы нақты мәліметтер әзірше жоқ, тек барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін толық ақпарат жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети