20 қаңтар 2021 10:59

Фактчекинг. Қанталмастырғыш туралы аңыз бен шындық

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medvoice.ru © medvoice.ru

Дәлел. Егер қантты - фруктоза немесе басқа алмастырғыштармен алмастырсаңыз, денсаулық пен дене бітімге келетін зиянын азайтуға болады.


Дәлел. Егер қантты - фруктоза немесе басқа алмастырғыштармен алмастырсаңыз, денсаулық пен дене бітімге келетін зиянын азайтуға болады.

Факт. Зерттеулер фруктозаны біздің ағзамыз улы зат ретінде қабылдайтынын көрсетеді. Глюкозадан айырмашылығы, оны бұлшықеттер, ми және басқа органдар пайдаланбайды. Ол тікелей бауырға жіберіледі және метаболизмнен өтіп, денеден шығарылады. Егер фруктозаны жемістермен бірге қабылдаса одан келетін зиян аз болады. Себебі жемістерде фруктозаның сіңуін баяулататын талшық бар. Ал, бал, жүгері және үйеңкі шәрбаты, жеміс шырындары, фруктоза өңделмеген табиғи түрінде ағзаға анағұрлым зиян. Барлық қанталмастырғыштың өз кемшілігі бар. Мысалы, ксилит пен сорбит асқазан ауыруын, жүрек айнуын, диареяны тудырады. Бұдан бөлек, қант алмастырғыштар артық тамақтану, семіздік сияқты салдарға әкеп соғады.

Сарапшы пікірі. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, @drrafhuan, Рафаиль Қыпшақбаев:

"Фруктоза - бұл глюкозаның мөлшерін анықтаушы, яғни қарапайым қанттың бір түрі. Оның пайдас туралы аңыз тек фруктозаның жеміс-жидектерде болатынымен байланысты. Бірақ жемісте талшықтың пайдалы әсері болғандықтан зияны жоқ. Фруктозаны бауыр сіңіреді. Бұл оның артық мөлшерін майға айналдырады, нәтижесінде алкогольсіз майлы бауыр ауруы, инсулинге төзімділік және қант диабеті, жүрек аурулары пайда болады.

Сусындар мен "қантсыз" сағызға қосылатын қант спирттері туралы айтатын болсақ - ксилит, сорбитол, маннитол, мальтитит, эритритол, онда олардың басты артықшылығы - олар кариес тудырмайды. Тәттілігі бойынша олар қанттан төмен, бірақ калориясы аз. Доза көбейген кезде глюкоза деңгейі көтеріледі және ас қорыту қиындайды.

Көбіне калориясы аз қанталмастырғыш қанттан ерекшеленеді: ацесульфам К, аспартам, сахарин, сукралоза, неотам, адвантам. Оларға стевия да жатады. Ол - Оңтүстікамерикалық өсімдік жапырақтарының сығындысы. Олар кариес тудырмайды, денеге бөлінбейді, глюкоза деңгейіне әсер етпейді және калориясы нөлге тең. Бір деректер бойынша, олар азуға көмектеседі.

Қант алмастырғыштар ми белсендігін тудырады. Сіздерге беретін кеңесім - қанталмастырғыштар құрамын зерттеп алу. Себебі олардың арасында ащы дәмді кетіру үшін қосылатын қарапайым фруктоза да бар".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети