13 қазан 2015 16:42

Ғалымдар адам өмірін ұзартудың жолын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Caro/Robert Seeberg/Global Look © Caro/Robert Seeberg/Global Look

Биологтар қартайтатын гендерді алып тастауды үйренді, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Биологтар қартайтатын гендерді алып тастауды үйренді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, ғалымдар гендердің тобын анықтаған, егер оларды алып тастайтын болса өмірді күрт ұзартуға болады. Бұл зерттеудің нәтижесі 10 жылдан соң шықты және ол генетика саласындағы ең ірі прогресс болып отыр. Авторлар жұмыстарының нәтижесі туралы Cell Metabolism журналына жариялады, олармен Independent басылымының сайтында танысуға болады.

"Сиэтлдегі Вашингтон университеті мен Бак атындағы қартаюды зерттеу институтының (АҚШ) базасында құрылған халықаралық ұжым ашытқыдан (Saccharomyces cerevisiae түріндегі) 238 генді тапты, оларды алып тастау арқылы өмірді ұзартуға болады. Мамандар ашытқылардың 4698 штамын зерттеп, олардың әрқайсынан бір-бір геннен алып тастаған", - делінген жарияланымда.

Генетиктер ағзаның қартаюын баяулату жолдарын зерттеді. Зерттелген гендердің жартысына жуығы сүтқоректілерде, соның ішінде адамдарда бар болып шықты. Енді ғалымдар сол гендердің жұмысын тоқтататын дәрі-дәрмектерді ойлап тауып, адамдардың өмірін ұзартпақшы. Қазіргі таңда генетиктер 238 геннің өзгелермен арадағы байланысы мен сүтқоректілерге қандай маңызы бар екенін зерттеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети