14 шілде 2015 09:47

Ғалымдар Аустралия жағалауынан "тозақ қақпасын" тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© theguardian.com © theguardian.com

Ғалымдар Аустралия жағалауынан ежелгі үлкен төрт жанартау тапты. Жергілікті тілшілер оны "тозақ қақпасы" деп атады, - деп хабарлайды "Вести.ru".


Ғалымдар Аустралия жағалауынан ежелгі үлкен төрт жанартау тапты. Жергілікті тілшілер оны "тозақ қақпасы" деп атады, - деп хабарлайды "Вести.ru".

Жанартауды Investigator зерттеу кемесі тапты. Жанартаулар Сиднейден 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Олардың жасы 50 миллион жыл шамасында. Жанартаулардың кратерінің диаметрі бір жарым шақырым, жанартау теңіз деңгейінен 700 метр биіктікке дейін көтеріледі. 20 шақырым болатын жанартаулар тізбегі 5 шақырым тереңдікте жатыр.

Ең қызығы, ғалымдар жанартау емес, теңіз жәндіктерін іздепті. Оңтүстік Жаңа Уэльс университетінің биологы, профессор Иэн Сатерс командасы "тозақ қақпасын" көрген кезде қатты таңғалғанын айтты. "Мен таңғалғаннан аузымды ашып қалдым. Сосын бірден айқайладым: "Олар мұнда қайдан жүр? Біз неге бұл туралы бұрын білмегенбіз?". Бұл біздің өз теңіздерімізден гөрі Айдың бетін көбірек білетініміздің дәлелі", - деді Сатерс.

Ғалымдар жанартаудың тектоникалық плиталардың қозғалысынан кейін пайда болғанын айтты. Жақын маңда басқа да жанартаулардың болуы ғажап емес.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети