28 қаңтар 2015 11:10

Ғалымдар елдің ішкі жағдайына сыртқы күштердің не себепті араласатынын дәлелдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сириядағы көтерілісші. ©REUTERS Сириядағы көтерілісші. ©REUTERS

Сыртқы күштердің азамат соғыстарына араласудағы негізгі мақсаты - мұнайдан пайда табу. Ағылшын саясаттанушылары осындай қорытындыға келді. Халықаралық қатынастарды зерттеушілердің осы тектес көзқарасының дұрыстығын дәлелдеген ғылыми еңбек Journal of Conflict Resolution басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru


Сыртқы күштердің азамат соғыстарына араласудағы негізгі мақсаты - мұнайдан пайда табу. Ағылшын саясаттанушылары осындай қорытындыға келді. Халықаралық қатынастарды зерттеушілердің осы тектес көзқарасының дұрыстығын дәлелдеген ғылыми еңбек Journal of Conflict Resolution басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru

Ғалымдар 1945-1999 жылдар аралығында 69 мемлекетте болған ішкі жанжалдарды (әлемдегі азамат соғыстарының 90 пайыздан астамы - қарулы қақтығыстар) зерделеген. Бұл жанжалдардың шамамен 70-іне үшінші күштер араласқан. Саясаттанушылар мұндай интервенцияға қандай факторлар әсер еткенін анықтауға тырысты. 

Сонымен, біріншіден, белгілі бір елдегі ішкі жағдайға сыртқы күштердің араласу мүмкіндігі ол мемлекеттегі мұнай қорына тәуелді болып шықты. Екіншіден, қай ел мұнайды көп импорттайтын болса, сол елдің мұнай экспорттаушы мемлекеттің ішкі жанжалдарына жиі араласатыны анықталды. 

"Ислам мемлекеті" жасақтары Ирактың мұнайға бай солтүстігіне жетпей тұрған уақытында ол топ туралы ешкім ештеңе білмеді. Ал олар мұнай кәсіпшіліктеріне жеткен кезде Кобани қаласын басып алу алдыңғы орынға шықты да, АҚШ "Ислам мемлекетін" шабуылдау үшін пилотсыз жабдықтарын жібере бастады. Біз алынған тұжырымдар интервенция туралы түпкілікті шешімнің мәнін ашып бере алады демейміз, бірақ заңдылық айқын көрініп тұр: мұнайға деген қажеттілік осындай көптеген шешімге әсер еткен. Ливия жанжалына белсенді араласу мен Сирия қақтығысына салыстырмалы түрде бәсең қатысуды тек осы қарапайым экономикалық себеппен түсіндіру мейлінше дәлірек болып шықты", - дейді мақала авторларының бірі Уорик университетінің өкілі Винченцо Бове (Vincenzo Bove).

Сонымен бірге, егер дауласушы екі ел арасында этникалық жақындық болса және олардың бірі ірі держава болып, баскөтерушілері жақсы қаруланған болса, жанжалға сыртқы күштердің араласу қаупі күшейеді. Ғалымдар бұған мысал ретінде АҚШ-тың Ангола, Гватемала, Индонезия, Филиппин елдеріндегі азамат соғысына араласуын атады. Ұлыбританияның 1967-1970 жылдары Нигерия жанжалына араласуына да осы себеп айтылды. 

Ғалымдар ірі мұнай қоры мен күшті әскері бар Парсы шығанағы елдерінің және Мексика мен Индонезияның көрші елдердің ішкі қақтығыстарына араласпағанын да атап өтті. Саясаттанушылар Батыс елдерінің қуат көздеріне тәуелділігінің азаюы аталған заңдылықты өзгертуі мүмкін деген қорытынды жасады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети