07 қараша 2014 17:41

Ғалымдар елестің пайда болу құпиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Швейцария ғалымдары адамның неліктен кейде өз жанында елес бар сияқты сезінетінін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың пікірінше, "елестер" мидың адамның өзін-өзі тануын қалыптастыратын сенсорлы-қозғалтқыш белгісінің бұрмалануынан туындауы мүмкін. 


Швейцария ғалымдары адамның неліктен кейде өз жанында елес бар сияқты сезінетінін анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың пікірінше, "елестер" мидың адамның өзін-өзі тануын қалыптастыратын сенсорлы-қозғалтқыш белгісінің бұрмалануынан туындауы мүмкін. 

Мидың адамның қимылдары мен оның кеңістікте орналасуы туралы ақпараттарды жинайтыны белгілі. Ғалымдар сенсорлы-қозғалтқыш аппаратын адамдар сигналдарды өзінің емес, басқа денеден шығып жатқанын сезінетіндей ауыстырып, зерттеу жасады. Көзі байлаулы еріктілер қолдарын алға қарай қармай бастайды, ал олардың ісін артында тұрған робот қайталап отырды. 

Содан кейін мамандар адамдар мен роботтардың қимылын бірдей етуді доғарады. Бұл кідіріс жарты секундқа созылса да, адам елесті сезе бастайды. Үш минут өткен соң ғалымдар еріктілердің не сезгенін сұрайды. Олар жандарында біреудің пайда болғанын айтты, кейбірі тіпті төрт елестің болғанын жеткізді. Әсердің күшті болғаны соншалықты, еріктілер зерттеуді тоқтатуды сұрады.

Сонымен бірге, психикалық ауытқушылықтары бар 12 пациент зерттелді. Оның барлығы да елесті көргенін айтқан. Сөйтсе, науқастардың миының өзін-өзі тануға, қозғалысқа және кеңістікте өзінің ораналасу сезіміне жауап беретін бөліктері зақымданған екен. 

"Миымызда денеміздің кеңістікте орналасуы туралы ақпарат алатын бірнеше қайнары бар. Қалыпты жағдайда адам олардан өзінің тұтас образын жинайды. Бірақ жүйе бұзылғанда - ауру кезінде немесе дәл осы жағдайдағыдай роботтың әсері болғанда адамда өз денесінің екінші образы пайда болады, оны ми өзі деп емес, өзге бір дене деп қабылдайды", - деді зерттеудің жетекші авторы Джулио Роньини. Бұл жаңалықты ашқан ғалымдар ендігіде адамдар елеске сенбейтін болады деп есептейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети