11 қаңтар 2024 15:12

Ғылым министрі 2024 жылы ҰБТ тапсыратындарды қуантты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайырлы кеш, құрметті болашақ студенттер! Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатынын қуана хабарлаймын. Тестілеуде тек екі пәнді тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты - 70 минут. Ал шығармашылық емтихандардың өзі жоғары оқу орындарында өтеді", - деді ол.

Министрдің айтуынша, мұндай шешім өтініш берушілердің өздерінің және тиісті ведомстволардың тілектері негізінде қабылданған.

"Қорытындылай келе, былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру және үздік нәтижемен гранттар беру үшін конкурсқа қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде оқу үшін ҰБТ-ны тапсырудың тағы үш мүмкіндігін ескерсек (қаңтар, наурыз, тамыз) 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады", - деп қорытындылады Саясат Нұрбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети