08 қазан 2014 16:53

Химия саласындағы Нобель сыйлығы ең дәл микроскоп үшін берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©runews24.ru ©runews24.ru

Химиядан 2014 жылғы Нобель сыйлығы Эрик Бетцигке, Стефан Хеллге және Уильям Морнерге ең дәл микроскоп үшін берілді деп хабарлайды РИА Новости. Марапаттау шарасы әдеттегідей Стокгольмде 10 желтоқсанда - Альфред Нобельдің қайтыс болған күні өтеді. 


Химиядан 2014 жылғы Нобель сыйлығы Эрик Бетцигке, Стефан Хеллге және Уильям Морнерге ең дәл микроскоп үшін берілді деп хабарлайды РИА Новости. Марапаттау шарасы әдеттегідей Стокгольмде 10 желтоқсанда - Альфред Нобельдің қайтыс болған күні өтеді. 

Нобель сыйлығы химия саласында "суперфлуоресцентті микроскопияны жасағаны үшін" анықтамасымен берілді. Бұл өте кіші масштабтағы әртүрлі объектердің құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді. The Guardian басылымының хабарлауынша, "Көп уақыттан бері оптикалық микроскопия саласы бірқатар шектеулерден дамымай келді. Бүгінгі лауреаттар бұл шектеулерді айналып өтуге кереметтей шешім шығарды. Олардың новаторлық жұмысы нанокөлемдегі объектілерді зерттеуге мүмкіндік берді", - дейді сыйлықты тапсырған Нобель комитетінің өкілдері .  

Алғашқы кезде БАҚ беттерінде сыйлықты алуға үміткерлердің қатарында органикалық жарық диодты технологияны жасап шығарған Чан Танг пен (Қытай) Стивен ван Слайкты (АҚШ) аталған болатын. Сыйлыққа жұмысы литий-ионды батарея шығаруға сеп болған Джон Гуденаф та лайықты болады деген болжамдар да бар еді. Бұдан басқа, Швецияда ДНҚ-ны жылдам танитын модель ойлап тапқан Еуджин Майерсті, Крейг Вентерді және Лерой Худаны атаған.    

2013 жылы химия бойынша Нобель сыйлығы күрделі химиялық жүйелерді дамытқаны үшін АҚШ-та жұмыс істейтін Мартин Карплюске, Майкл Левиттке және Ари Уоршелге берілген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети