16 маусым 2021 09:43

IBM Еуропадағы ең қуатты кванттық компьютерді іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ibm.com ibm.com

Америкалық IBM компаниясы Еуропадағы ең қуатты коммерциялық кванттық компьютердің іске қосылғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Америкалық IBM компаниясы Еуропадағы ең қуатты коммерциялық кванттық компьютердің іске қосылғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Компьютер IBM-нің дата-орталығы Энинген неміс коммунасында өткен брифингте таныстырылды. Брифингке IBM-нің бас директоры Арвинда Кришна, Германия канцлері Ангела Меркель және Фраунгофер қоғамының өкілдері қатысты. 

Кванттық компьютер Энинген қаласында, Штутгарттан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналастырылады. Оны неміс ғылыми-зерттеу институты эксплуаациялайды. Айта кетейік, бұл АҚШ-тан тыс жерде қолданылатын бірінші кванттың компьютер. 

IBM Quantum System One қара түсті жылтыр түрде жасалған. Кванттық компьютер 27 кубит процессорына негізделген. Ол суперөткізгіштер негізінде жасалған. Процессор шудың төмен деңгейінде операциялардың ұзақ уақыт үйлесімділігі мен дәлдігін қамтамасыз етеді. Ол үшін кубиттер ашық кеңістікке қарағанда көбіне суық температурада болады.

Квантық химия саласы бойынша докторлық дәрежесін қорғаған Германия канцлері Ангела Меркель компьютерді "техниканың ғажайыбы" екенін айтты. Канцлердің айтуынша, бұл болашақтың технологиясы, оның көмегімен медицинада жетістіктерге жетуге және материалдарды зерттеуге болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети