01 шілде 2019 09:26

Иракта осыдан 3400 жыл бұрын салынған сарай табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© University of Tübingen © University of Tübingen

Бір топ неміс және күрд ғалымдары Ирак аумағындағы Тигр өзенінің шығыс жағалауынан Митанни империясына тиесілі, осыдан 3400 жыл бұрын салынған сарайды тапты, - деп жазады RiaTaza.com.


Бір топ неміс және күрд ғалымдары Ирак аумағындағы Тигр өзенінің шығыс жағалауынан Митанни империясына тиесілі, осыдан 3400 жыл бұрын салынған сарайды тапты, - деп жазады RiaTaza.com.

Басылымның мәліметінше, ғалымдар бұл аумаққа құрғақшылық болғандықтан ғана кіре алған. Мамандар қазба жұмыстары кезінде сыланған қабырғаларды, ашық қызыл және көк түспен боялған қабырғаларды, сондай-ақ, түрлі жазбалар қалдырылған саздан жасалған 10 тақтайша тапқан.

Археолог Хасан Ахмед Касимның айтуынша, бұл сарай осы аумақтағы соңғы оң жылдағы маңызды ғылыми жаңалықтардың бірі.

Басылымның мәліметінше, Митанни империясы Солтүстік Месопотамия мен Сирияның басым бөлігінде үстемдік еткен. Қазіргі уақытта мамандар Митанни империясының саясатына, экономикасына және тарихына қатысты жаңа деректерді іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети