30 қараша 2021 | 10:38

Johnson & Johnson "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауды бастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Johnson & Johnson корпорациясы COVID-19-дың жаңа "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауға кірісетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Johnson & Johnson корпорациясы COVID-19-дың жаңа "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауға кірісетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

Компания мамандары қан үлгілерін және қолданыстағы препараттар "омикрон" штамының қаупін қаншалықты қайтара алатынын түсіну үшін күшейткіш дозалар бойынша зерттеп жатыр.

"Жаңа "омикрон" штамы COVID-19-дан ауруханаға жатқызу мен өлімнің алдын алу үшін тұрақты бақылау, тестілеу және вакциналау маңыздылығын көрсетеді. Johnson & Johnson вакцинасы түзетін иммундық жауапқа сенімдіміз, ол клиникалық зерттеулер кезінде төзімділік пен қорғанысын көрсетті", - деді Johnson & Johnson корпорациясының еншілес ұйымы Janssen Research & Development LLC компаниясының жаһандық бас директоры Матай Мэммен.

Сонымен қатар, Johnson & Johnson компаниясы "омикрон" штамына қарсы вакцинаны әзірлеп жатқанын және қажет болған жағдайда бұл жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

"Оңтүстік Африка ғалымдарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық және Johnson & Johnson компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасы тиімділігі туралы зерттеулеріміз арқасында штамм туралы жаңа деректерді алу үшін бірге жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, "омикрон" штамына қарсы жаңа вакцинаны әзірлеу бойынша жұмысты бастадық және қажет болған жағдайда оны клиникалық зерттеулерге тез енгіземіз", - деп түйіндеді Мэммен.

Еске салайық, Оңтүстік Африкада табылған B.1.1.529 жаңа штамын ДДСҰ "омикрон" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети