16 қазан 2017 15:54

Журналист тараздық оқушы мен Стивен Хокингтің кездесуі қалай өткенін баяндап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Esquire.kz порталының шеф-редакторы Гүлнар Бажкенова тараздық жас зерттеуші Исаак Мустопулоның атақты профессор Стивенг Хокингпен кездесуі қалай өткені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Esquire.kz порталының шеф-редакторы Гүлнар Бажкенова тараздық жас зерттеуші Исаак Мустопулоның атақты профессор Стивенг Хокингпен кездесуі қалай өткені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бажкенованың жазуы бойынша, балақай мен профессордың кездесуі Стивен Хокингтің Кембридждегі қызметтік бөлмесінде өтті. 

"Профессор бізді жұмыс үстелінде отырып, қалыпты күйінше қабылдады. Кресло, жұмсақ пуловер, ақ жейде, басы аздап оңға иілген, көзілдіріктің арғы жағынан сізге ілтипатты көздер қарап тұрады", - дейді журналист. 

Гүлнар Бажкенованың пікірінше, тараздық оқушының профессорға ұнап қалғаны анық байқалды. 

"Әдетте оның аптасына бір-екі рет өтетін кездесулері 30-40 минутқа ғана созылады, денсаулық арыға мұрша да бермейді. Ал бізбен ол бір жарым сағат бойы тілдесті. Исаак ғалымнан қара құрдымдар, сәулелену, балалық армандары мен кітаптар туралы сұрады. Профессор бала кезден-ақ Исаак сияқты ғылым туралы армандаған, алдымен таза математик болғысы келген, алайда, кейін университет қабырғасында жаратылыс ғылымдарын зерттей жүріп, космология мен теоретикалық физикаға аңсары ауған. Ол өте озат студент болмағанын, бірақ, достарымен Ғалам мәселелерін талқылағанды ұнатқанын айтты", - деп жазыпты Бажкенова. 

Сонымен бірге, журналист профессор Исаакқа "Мир в ореховой скорлупе" кітабын оқуға кеңес бергенін жазады. Ал кездесу соңында ғалым өзінің үш кітабын сыйға тартқан. 

Айта кетейік, Исаак Мустопуло "Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік" АҚ өткізген конкурстың арнайы жүлдесіне ие болған. Жүлдені табыстау кезінде балақай Хокингпен кездесуді армандайтыны туралы айтқан. Агенттік қызметкерлері балаға көмек беруді ойластырып, әлемге әйгілі ғалымның өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. Кейін ғалым кездесуге қарсы емес екенін мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети