Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан биыл 3 ғарыш аппаратын ұшырады

06 Наурыз 2014, 13:55
0
Фото Аlashainasy.kz
Фото Аlashainasy.kz
Қазғарыш агенттігі сәуір айының соңында Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін қазақстандық алғашқы жерсерік ұшыруды көздеп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жерсерікті Қазғарыштың арнайы тапсырысымен EADS Astrium француз компаниясы жасаған. Енді жоғары кеңістікті ғарыш аппараты "Вега" зымыран тасығышымен Француз Гвианасының Куру ғарыш айлағынан ұшырылмақ.

Сонымен қатар, сәуір айында Байқоңыр ғарыш айлағынан "Қазсат-3" қазақстандық байланыс жерсерігін ұшыру жоспарланған. Мұндай үшінші телекоммуникациялық "Қазсат" сериясының ғарыш аппараты ресейлік "Луч5В" жерсерігінің тобымен "Протон-М" зымыран тасығышы арқылы ұшырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазғарыш Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін және бір жерсерікті ұшыруды жоспарлап отыр. Ол аппаратты EADS Astrium еуропалық концернінде жасап, Орынбор облысындағы "Ясный" ғарыш айлағынан "Днепр" зымыран тасығышымен ұшады делініп отыр.

Агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев "Алда жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін спутникті ұшыру - халықаралық ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибелік нәтижесі болады", - дейді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай