09 қазан 2017 09:59

Қазақстанда 3000 жыл бұрын салынған пирамида қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Археологтар Қарағанды маңынан табылған ежелгі "Сарыарқа пирамидасын" қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы қарағандылық ғалым Виктор Новоженов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Археологтар Қарағанды маңынан табылған ежелгі "Сарыарқа пирамидасын" қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы қарағандылық ғалым Виктор Новоженов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жаз бойы И.А.Кукушкинның жетекішілігімен жүргізілген экспедиция қалыпқа келтіру қажет нысанды дайындап, күзге қарай бір топ маман тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі археолог А.З.Бейсеновтың жетекішілігімен осы жобаны аяқтадық. Енді еліміздің туристік картасында жаңа ерекше ескерткіш пайда болады - Беғазы-Дәндібай ескерткіші! Бұл ескерткішті қазу жұмыстары әлі де жалғасады, қарағандылық археологтарға жаңа қызық ескерткіштерді табуды тілейміз", - деп жазды ғалым.

Сондай-ақ, Виктор Новоженов пирамиданың қалыпқа келтірілгеніне дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады.


© Facebook

Айта кетейік, "Сарыарқа пирамидасы" 2016 жылы Қарағанды маңынан табылған еді. Мамандардың айтуынша, ғимарат Сарыарқада осыдан 3000 жыл бұрын салынған.


© Facebook.com

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети