24 сәуір 2017 11:33

Қазақстанда әскери робот жасалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kinopoisk.ru © kinopoisk.ru

Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттары әскери робот дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттары әскери робот дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында әскери шеберлік пен қаруландырудың болашағы жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін екі ғылыми-зерттеу институтымен біріге отырып, орталық ашқандарын хабарлады.

"Әскери-ғылыми орталығымыздың бірінші жобасында біз ұшқышсыз ұшатын аппараттың үлгісін жасадық. Мен аппаратты көріп, оны әскери сынақтардан өткізу үшін бұйрық бердім. Олар қазір әскери роботтың жобасымен айналысып жатыр", - деді министр.

Сондай-ақ, ол ғылыми университетте 16 ғылым докторы, 28 кандидат, 47 магистр бар екенін айтып өтті.

"Меніңше, қаржыландыруды ескеретін болсақ, олар осы бағыттағы жұмысты орындап шыға алады", - деді министр Сәкен Жасұзақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети