02 қазан 2020 14:03

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаға патент беру қарастырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

KAZPATENT коронавирустың алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекциясының штаммын әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


KAZPATENT коронавирустың алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекциясының штаммын әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ҚР Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институтына (KAZPATENT) COVID-19 алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекциясы штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтінім берді", - делінген хабарламада.

Бүгінде екі өтінім KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтіп жатыр.

"Күні бүгінге дейін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді:

  • 1. 2020 жылғы мамыр айында - "COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі",
  • 2. 2020 жылғы тамыз айында - COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 инфекциясы вирусының "SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммы.

Қазіргі таңда өтінімдер сараптама кезеңінен өтіп жатыр. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі" - дейді KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.

Айта кетейік, патент өнертабыстың патентке қабілеттігін, яғни "жаңалық", "өнертабыс деңгейіне жеткенін", "өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы" шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети