25 ақпан 2014 11:06

Қазақстандық вундеркиндтің монографиясы Петерборда жарық көреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділсұлтан Лепес. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Әділсұлтан Лепес. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Алматылық оқушы Әділсұлтан Лепес "10 теңсіздіктің баламалы дәлелі: тұрақты шаманы айырушы тәсіл" атты өз кітабын орыс және ағылшын тілдерінде Петерборда басып шығарады деп жазады Tengrinews.kz "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап. О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты оқушысының монографиясын Санк-Петербург мемлекеттік электротехникалық университеті басып шығармақшы. Қазақстаннан шыққан вундеркинд туралы университеттегілер оның Болгария ғылыми-инженерлері бәйгесіндегі жеңісінен кейін білген. "Біз бұл кітапты теңсіздіктің көп тәсілі жинақталғандықтан, бастысы Йенсен теңсіздігі қамтылғаны үшін басып шығару туралы шешім қабылдадық. Бұл еңбек оқырманның ой өрісін кеңейтеді. Өйткені өмірде мамандар кейде осындай тәсілге де жүгініп жатады, ал мұнда оның жүзі бар" дейді ЖОО өкілі Сергей Винников. Вундеркиндтің ұстазы Ибрагим Ибатулин: "Әділсұлтанның кітабы, ең алдымен, экономистерге қызық болады. Өз зерттеулерінде олар математикалық аппаратты қолдануға қорқақтайды, сөйтіп қарапайым сызбалы функцияны жөн көреді. Алайда экономикада орын алып жатқан процестер, кейде әлдеқайда күрделі боп келеді" дейді. Еске сала кетелік, Әділсұлтан Лепестің баяндамасы 2013 жылдың 15 желтоқсанында Мәскеудегі оқушылардың математикалық конференциясында оқу-зерттеу номинациясы бойынша Гран-приге ие болған. Бұл конференция Мәскеудің үздіксіз математикалық білім беру орталығымен ұйымдастырылады. Бұған дейін жас гений Болгариядағы математика институты семинарында сөз алған. Оның жобасы мамандандырылған халықаралық басылымдарда және Mathematical Excalibur гонконгтық журналында жарияланған. Вундеркиндке әлден "Назарбаев университеті", Масачусетс технологиялық институты және Лос Анжелесс университеті қызығушылық танытып отыр. Әділсұлтан Алматыда теміржолшылар отбасында дүниеге келген, қарапайым мектепте оқыған. Жас гений дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети