Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандықтар ел тарихына үлес қосуға шақырылды

01 Желтоқсан 2015, 13:09
0
© mail.ru
© mail.ru

ҚР Тұңғыш Президенті күні еліміздің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандықтардың көпшілігінде сақтаулы тарихи, мәдени және ғылыми құндылыққа ие құжаттар мен заттар бар. Бұл орайда, кез-келген ел азаматында еліміздің тарихи мұрасын сақтауға үлес қосып, музейдің экспозициясын толтыру мүмкіндігі бар. Сіздер еліміздің әскери тарихы үшін осынау маңызды патриоттық акцияның өтуіне көмек көрсете аласыздар", - делінген хабарламада.

Бүгінде музейдің коллекциялық қорында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында ерекше мәнге ие болып отырған көне дәуірден қазіргі уақытқа дейін қазақ халқының әскери тарихы мен мәдени ескерткіштерін сипаттайтын сирек жәдігерлер бар.

"Әскери-тарихи музейдің ашылуы Елбасының ерекше қолдауының арқасында және әскерилердің, ғалымдардың, тарихшылардың, археологтар мен мәдениет қайраткерлерінің жан-жақты шығармашылық, зерттеу жұмысының нәтижесінде мүмкін болды", - делінген хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай