Кесірткелер мен шыбындар Байқоңырдан ғарышқа ұшырылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кесірткелер мен шыбындар Байқоңырдан ғарышқа ұшырылмақ ©Biosputnik.imbp.ru

РҒА медико-биологиялық институты ғалымдары сәрсенбіге қараған түні, 19 шілдеде екі айлық ғарыш сапарына аттанатын ресейлік "Фотон-М" №4 ғылыми ғарыш аппаратына бес гекконды, шыбындарды, өсімдік ұрықтарын және көптеген микроағзаны орналастырды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".


"Ғылыми аппаратты орнату және тексеру штаттық режимде жүзеге асырылуда", - деп хабарлайды РҒА медициналық-биологиялық мәселелер институтының баспасөз қызметі.

"Фотон-М" аппаратының орбиталық ұшу кезінде оның бортында 20-ға тарта сынақ жасалған.

"Фотон-М" №4 ғарыш кемесі микрогравитация жағдайында физика іліміндегі салмақсыздықтың жаңа өлшемін алуды қамтамасыз ететін, жартылай өткізгіш материалдарын өндірудің технологиялық процесстерін өңдеу, биомедициналық препараттардың мінездемесін жақсарту, сондай-ақ биологиялық және биотехнологиялық зерттеулер жүргізуге арналған.

Спутниктің массасы 6840 килограмм, ал ғылыми аппаратураның массасы 850 келіге дейін (жерге қонушы аппараттың ішінде - 600 келіге дейін және сыртында - 250 келіге дейін). Орбитада болатын белсенділік мерзімі - 60 тәулік.

"Фотон-М" №4 аппаратының орташа орбиталық биіктігі - 575 шақырым. Бұл орташа орбиталық биіктігі 400 шақырым болатын Халықаралық ғарыш стансасынан жоғары.

Бұған дейін бортында жануарлар болған ғылыми аппарат "Фотон-М" №3 ғарышқа алты жыл бұрын ұшқан болатын. Ол 207 жылдың 14-қыркүйегінде орбитаға шығарылып, 12 тәуліктен соң жерге оралған еді.

  

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +20
Түркістан +23
О
Орал +15
Ө
Өскемен +20
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер