04 мамыр 2020 09:28

Коронавирустың ең алғашқы белгілері айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ресейлік отоларинголог дәрігер Владимир Зайцев "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында организмде коронавирус бар-жоғын анықтайтын алғашқы белгілері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ресейлік отоларинголог дәрігер Владимир Зайцев "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында организмде коронавирус бар-жоғын анықтайтын алғашқы белгілері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәрігердің айтуынша, алғашқы күндері ішімдік ішпеген күннің өзінде мастық белгілері байқалатын болады. 

"Егер кеше ішімдік ішпесеңіз, ал бүгін әлсіреп, ауырсынып, дірілдеп, көзде ауырсыну пайда болып, шаршап, ал дене қызуыңыз бір қалыпты болса бұл коронавирустың алғашқы белгілері деуге келеді", - дейді дәрігер. 

Владимир Зайцев мұндай белгілер алғашқы екі-үш күнде пайда болатынын айтады. Артынша инфекция тыныс алу жолдарына түсіп, адамның даусы өзгере бастайды. Сондай-ақ тұншығу белгілері байқалады. Дер кезінде емделмеген жағдайда бронх пен өкпе зақымдалады. 

Зайцев COVID-19-дың кез келген белгісі байқалған жағдайда дәрігерлерге жүгіну керегін айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети