04 қазан 2021 09:10

Қытай "Х вирусы" пайда болуы мүмкін екенін ескертті

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Гао Фу қоғамдағы ғылым мен технологияның халықаралық форумында болашақта міндетті түрде вирустың жаңа түрі пайда болатынын мәлімдеп, оған қарсы тұру үшін қажет іс-қимыл ұсыныстарын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Гао Фудың сөзінше, болашақта дүние жүзінде "Х вирусы" пайда болады, алайда ол туралы әзірше мәлімет жоқ және ол кез келген жерде, кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.  

"Адамзат болашағы үшін проблеманы бірге шешу маңызды. Осыған байланысты "төрт С қағидасын" ұсынамын: серіктестік, бәсеке, қарым-қатынас немесе ақпарат алмасу, үшінші жақпен үйлесім табу", - дейді сарапшы.  

Жоғарыда аталған қағидадан сарапшы ақпарат алмасуды ерекше атап өтті, себебі Қытай тарапы берген ашық ақпарат аз ғана уақыт ішінде коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығуға мүмкіндік берген.  

"Дүние жүзі тек коронавирус пандемиясы мәселесімен емес, инфодемияға тап болды, яғни белсенді ақпарат пен жалған ақпарат араласып кетті. Салдарынан түрлі қауесет пен проблема туындап, оны шешуімізге тура келді", - дейді маман. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети