23 мамыр 2022 13:50

Қытай қондырғысы Марста су барына дәлел тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: cnsa.gov.cn Фото: cnsa.gov.cn

Марста жүрген қытайлық Zhurong қондырғысы планетада су ғалымдар ойлағаннан әлдеқайда кешірек болғанына дәлел тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Big Think сайтына сілтеме жасап. 


Марста жүрген қытайлық Zhurong қондырғысы планетада су ғалымдар ойлағаннан әлдеқайда кешірек болғанына дәлел тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Big Think сайтына сілтеме жасап. 

Өткен зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдар Марста су сұйық атмосфералық күйде шамамен 3 миллиард жыл бұрын пайда болды деп топшылаған еді. 2021 жылдың мамырында Марсқа қонған қытайлық Zhurong топырақ үлгілері туралы мәлімет жинай бастады. Қытай Ғылым академиясы (CAS) мен Копенгаген университетінің зерттеушілері осы мәліметтердің кейбірін талдаған кезде, тек 700 миллион жылдық үлгілерде су бар болғаны туралы дәлелдер тапты.

Бұл Марстың Солтүстік жартышарының шығысындағы Утопия жазығы ғалымдар Марстың беті кеуіп кетті деп ойлап жүргенде судың "едәуір" мөлшері сақталған орын болғанын көрсетеді.

"Марста гидратталған минералдар мен жер асты мұздарын маңызды су ресурсы ретінде пайдалануға болады", - деді Қытай ғылым академиясының мүшесі Ян Лю.

Марстағы су қоры тарихын түсіну зерттеушілерге қызыл планетада қанша су ресурсы мұз немесе гидратталған минерал түрінде қалғанын болжауға көмектеседі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети