20 мамыр 2020 15:12

Министр соңғы қоңыраудың қалай өтетінін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мектеп түлектерінің соңғы қоңырауы қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мектеп түлектерінің соңғы қоңырауы қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше бұл мәселені аппараттық кеңесте талқыладық. Соңғы қоңырау секілді бөлек шара болмайды, бірақ бұл дәстүрлі түрде оқудың соңғы күні - 25 мамыр, 9 және 11-сыныптар бітіріп жатыр. Төртінші тоқсанда сабақтар қашықтан өтіп жатқандықтан және 25 мамырда мектепте ешкім болмайтындықтан, соңғы қоңырауды дәстүрлі түрде ұйымдастырылмайды.

25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Мен телеарна арқылы құттықтаймын, қазір дайындап жатырмыз. Содан соң әр мектепте сынып жетекшілері, мұғалімдер сынып сағаты форматында тиісті шара ұйымдастырады деп жоспарладық. Жылды қорытындылау керек, еңбек еткен, жетістікке жеткен балаларды мадақтау керек", - деді БҒМ басшысы онлайн-брифингте.

Министрдің айтуынша, мектеп түлектеріне 3-4 маусымда аттестаттар табысталады.

"Қазіргі жағдайға қарамастан, 3-4 маусымда аттестаттар беріледі. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен ақылдастық, түсіндік. Сондықтан 3-4 маусымда 11-сынып оқушыларына аттестаттарды салтанатты түрде табыстап, соңғы қоңырауды қосып жібереміз. Бұл - әр мектеп түлегі үшін маңызды күн", - деді Аймағамбетов.

Министр қатысушыларға тиісті шектеулер мен санитарлық талаптар қойылатынын атап өтті. 

"Біз үшін балаларымыздың, мұғалімдердің қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан көшеде, ашық жерде маска тағу керек. Сондай-ақ екі адамнан артық қонақ ертіп келе алмайды. Адам көп жиналмауы үшін әр сынып табыстау шарасын бөлек өткізеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы жолақ сызылады. Біз маска мен респираторлардың болуын талап етеміз. Санитарлық нормалар сақталу керек", - деп түйіндеді білім министрі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети