12 ақпан 2015 17:19

Музыка адамның түрін есте сақтауға кедергі келтіреді - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©faqfaq.ru ©faqfaq.ru

Ғалымдар музыканың ересектер мен егде жастағы адамдарға ақпаратты есте сақтауға кедергі келтіретінін дәлелдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Gerontologist басылымына сілтеме жасап. 


Ғалымдар музыканың ересектер мен егде жастағы адамдарға ақпаратты есте сақтауға кедергі келтіретінін дәлелдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Gerontologist басылымына сілтеме жасап. 

Атлантадағы (АҚШ) Джорджий технологиялық институтының ғалымы Сара Ривз (Sarah Reaves) бен оның әріптестері әртүрлі дыбыс қоздырғыштар мен алаңдататын дыбыстар қосылған кезде колледж студенттері мен егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілетінде қандай өзгерістердің болатынын бақылап көрген.

Ғалымдар зерттеуінің нәтижелері ересектер мен егде жастағы адамдардың музыка ойнап тұрған жерде ақпаратты есте сақтай алмайтынын көрсетті. Тіпті, мұндай жерде қарапайым нәрселердің өзін, мысалы біреудің есімін немесе түрін есте сақтап қалу да оларға қиындық туғызады. 

"Жасы ұлғайған сайын қарияларда дыбыс көзін және дыбыстың шоғырлануын қабылдаумен байланысты проблемалардың туындайтынын біз жақсы білеміз. Бұған қоса, ассоциативтік есте сақтау қабілеті жас ұлғайған сайын нашарлай береді", - дейді Ривз.

Эксперимент барысында шараға қатысушыларға адам есімдерімен байланысты суреттер көрсетілді, бұл кезде аспапты музыка немесе әуен қосылып тұрды. Біраз уақыттан кейін ғалымдар басқа есімдер мен суреттерді көрсетіп, дұрыс жазылып-жазылмағанын сұрады. Бұл тәжірибенің нәтижесі, музыка қосылып тұрса да, тұрмаса да жастардың ақпаратты толықтай есте сақтап қалатынын, ал егде жастағы адамдарға музыканың кедергі болатынын көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, тыныш жерде есте сақталған ақпараттың көрсеткіші музыка ойнап тұрған кездегіден 10 пайызға жоғары. 

"Қарттар үйінің қызметкерлері бұл жағдайды ескерулері тиіс. Бәлкім оларға қариялармен сөйлесу кезінде музыканы қоспау керек шығар. Егде жастағы адамдарға шулы кафе немесе өзге де қоғамдық орындарда іскерлік кездесуге баруға болмайды. Көлік жүргізіп келе жатып адасып кеткен кезде де музыканы өшіріп қою керек", - дейді Ривз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети