20 қаңтар 2014 16:17

Наноматериалдарға тәуелділік кезеңі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото ©Нұрғиса Елеубеков фото ©Нұрғиса Елеубеков

Халықаралық сарапшылардың болжамынша, 2015 жылға қарай жаппай кен орындарын іздестіру, барлау және игеру жұмыстарында наноматериалдарды пайдалану ісі артады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлап отыр Ресейлік ғалым, профессор Лев Кожитов: "Наноматериалдарды өндірісте пайдалану келешекте мықтап орын алатындықтан бұл саланың насихатын арттыратын инновациялық менеджерлер легін сауатты даярлау керек. Ол менеджерлер "қай өндіріске қандай нанотехнология қажет, қайсысын пайдаланған тиімді, оның қайсысы өтімді" деген сауалдарға жауап бере алатын болуы керек. Өндіріс пен ғылымның арасын осылайша зерттеулер арқылы жалғап отыратын менеджерлер легін даярлау көп нәрсеге жол ашпақ" дейді. Негізінде, бір ғана наноматериалдың бірнеше қыры барын тереңнен қозғайтын мамандар болашақта машина жасау, электроника, байланыс жүйелерінде наноматериалдарды пайдалану айрықша табыстар әкелетінін алға тартуда. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Нобель сыйлығын графен атты бұрын жаратылыста кездеспеген затты зертханада алу тәсілін ойлап тапқан ағылшындық физик ғалымдар иеленгені белгілі. Бұл жайында отандық ғалымдарымыз "графен – мөлдір, екі өлшемді, жазық, қалыңдығы бір атоммен өлшенетін наноматериал. Айрықша қасиеті: аса жеңіл. Оның беріктігі болат құймаларынан 200 есе жоғары. Ал электр тогын өткізу мүмкіншіліктері шексіз дерлік, жасанды графиттің бір түрі. Болашақта бұл наноматериалды өндірісте пайдалану барысында табиғатта кездеспеген жаңа қасиеттері ашылуы мүмкін" деседі. Күтіліп отырғандай, осы графен 2015 жылға қарай жаппай өндірісте қолданыла бастайды. Бүгінгі таңдағымен салыстыруға келмейтін қасиеттері арқылы графен ең бірінші кезекте жоғары технология салалары – ғарыш, әуе кемелері, машина жасау, электроника, байланыс жүйелерінен темір атаулыны түгелдей ығыстырып шығарады. Осыдан барып болат құймаларын, алюминий, мыс, түсті металдар шығаратын комбинаттар, оларды шикізатпен қамтамасыз етіп отырған кен орындары жұмыстарын доғарады. Бір ғана графеннің пайда болуы – жерасты қазба байлықтарын жартылай немесе түгелдей арзан шикізат ретінде сатуға негізделген елдер үшін, соның ішінде біздің мемлекетіміз үшін үлкен қоңырау. Осыған қатысты алдағы уақытта тау-кен, металл өндіру салаларында жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын ерекше електен өткізу қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте біз келешекте экономикасы тұрақты, бәсекелестік қабілеті жоғары, өндірісі қуатты мемлекетке айналдыратын ғылыми жобаларды жетілдіруге айрықша мән беруіміз қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети