Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

Неге COVID-19-ға қарсы вакцина бар, бірақ дәрі-дәрмек жоқ? Инфекционист жауабы 19 тамыз 2021, 11:07

Ресей эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Горелов неге COVID-19-ға қарсы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото pixabay.com Фото pixabay.com

Ресей эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Горелов неге COVID-19-ға қарсы вакцина бар, бірақ тиімді дәрі-дәрмек әлі жоқ екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Дәрі-дәрмек жасау саласы бірден дәрі-дәрмек жасауға кіріспеді, өйткені бәрі бұл маусымдық инфекция деп ойлады. Қазір бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Вакцина жасауға қарағанда дәрі-дәрмек жасау ұзақ уақыт алады. Зерттеулер одан әрі жалғасады, егер вирус маусым аралық болса, олар тоқтайды", - деді Горелов.

Ол дәрі-дәрмектерді әзірлеу вакциналарды жасаудан гөрі ұзақ уақытты, көп қаражатты қажет ететінін айтты. Гореловтың айтуынша, қызылша мен құтыру секілді ауруларда да ауруға қарсы вакцина бар, бірақ дәрі-дәрмек жоқ.

Кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын алу тезірек екенін айтты инфекционист.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram