1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

"Новичок" авторларының бірі COVID-19-ды жеңуге қабілетті дәрі шығаруға ниетті 26 қаңтар 2021, 10:40

"Новичок" әскери улау жүйесін ойлап тапқандардың бірі Леонид Ринг жақын арада коронавирус инфекциясын, басқа да вирустық аурумен күресуге қабілетті
Иллюстративное фото pixabay.com Иллюстративное фото pixabay.com

"Новичок" әскери улау жүйесін ойлап тапқандардың бірі Леонид Ринг жақын арада коронавирус инфекциясын, басқа да вирустық аурумен күресуге қабілетті вирусқа қарсы және иммуномодуляцияға бейім "Иммофон" дәрісін шығаруға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Ол вирустық ауруларға қарсы жұмыс істейді, жасушаларды қалпына келтіреді, яғни цитокин салдарын жояды (иммунитет өзін-өзі жоюды бастаған сәт - еск.). Көптеген мамандар пікірінше, ол CОVID-19-да өлім жағдайын тудырады", - деді Ринк.

Дәрі "Диуцифон" препаратына негізделген (1967 жылы КСРО-да синтезделген), ол алапес ауруын емдеуге арналған және 2000 жылдарға дейін маңызды дәрілер тізімінде болған. Жаңа құрал кеңестік дамудың негізгі кемшілігі болған - суда және қан плазмасында нашар еруді жояды. Жаңартылған дәрі "Иммофон" деп аталды. Препараттың ішінде күшті шетелдік вирусқа қарсы "Дапсон" және метилуракилдің екі молекуласы біріктірілген. Олар денедегі метаболизм белсенділігін артырады және регенерация процесін ынталандырады.

COVID-19-дан басқа склеродермияны, ревматоидты артритті, псориазды, аллергия мен лейкемияны, өкпе ауруларын емдеуге арналған.

Ринк бүгінгі күнге дейін препарат 700-ге жуық егде жастағы ерікті пациенттерге сыналғанын айтты.

"Вакцина қабылдаған еріктілерде вирус жұқтырғанан кейін бірде - бір ауыр кезең және өлім жағдайы тіркелген жоқ", - деді ғалым.

Қазіргі уақытта компания түрлі патологияда әсерін тексеру үшін препараттың тәжірибелік партияларын шығарады. Леонид Рингтың айтуынша, препараттың бір дозасы шамамен 1 мың рубль.

Айта кетейік, Ринк "Новичок" әскери улау жүйесін жасаушылардың бірі ретінде алдымен Ұлыбританияда Скрипальдің әкесі мен қызына, содан кейін Ресейде Алексей Навальныйға қарсы қолданғаны туралы айыптауға түсінік берегенен кейін танымал болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!